Облыстағы барлық ауылдық округ әкімдері оқуларын тәмамдады

173

Осыған дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының Атқарушы хатшыларын оқытуды қолған алған болатын. Нәтижесінде аймақта 11-20 шілде аралығында өңірдегі 154 ауыл әкімі мен 10 партия аудандық филиалының атқарушы хатшылары халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілігін жетілдіру курстарынан өтті.

Оқыту барысында қатысушылар ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды, ауылдың мамандануын анықтауды үйренді. Сондай-ақ, ауыл әкімдері ауылда әлеуетті табысты бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын меңгерді.

Бұдан өзге ауыл әкімдері ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыстарын нақты арттыруға қол жеткізу, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құру бойынша біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру, туризмде жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың табысын арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік табыстың өсуін ынталандыру бойынша өзара тәжірибе алмасты.

Айта кетерлігі, әкімдерді оқыту бастамасы Мемлекет басшысы, ҚР Президеті Қ.К. Тоқаевтың кезектен тыс XXII съезінде берген тапсырмалары аясында іске асты. Оқытуды «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы жүзеге асырды.  ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының Атқарушы хатшыларын оқытуды қолған алған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.