Облыс оқушысы әлем чемпионатында І-орын иеленді

133
Бүгінгі күннің жағымды жаңалықтары жанымызды жадыратуда. Меркілік Ринат кедергілермен жүгіруде қарсыластарын шаң қаптырып, қоржынға күміс медаль салып қуантса, Қордай ауданы №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Раушан Джаналиева еліміздің туын көкке көтеріп, чемпион атанды.
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қол күрестен І орынды иеленген оқушымыз мықтылығын танытты. Раушанның спорт бағытында осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері де аз емес.
Алдағы уақытта Раушанға тек сәттілік тілеймін! Жеңісті күндер көп болғай!
Бейқұт Жамангозов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.