ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДА БОЛДЫ

95
Бүгін ауданға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы жұмыс сапарымен келген болатын.
♦Аудандағы жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы алдымен Айдарлы ауылындағы № 2 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Онда учаске бастығы Нұрбек Абдукаримовпен тілдесіп, құрылыстың жүргізілу барысын сұрап білді.Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Dauren Build» ЖШС жүргізсе, ауылдық округтен 35 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Ал құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2023 жылдың он бірінші айында тұр.
Бұдан әрі Е.Үйсімбаев Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын көзбен көріп, ішін аралап шықты. Онда учаскенің бастығы Дмитрий Юдин жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Мұнда 600 балаға арналған мектептің құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Dauren Build» ЖШС жүргізсе, жалпы сомасы 295 982,530 мың теңгеге құрап отыр
Мұнда облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы құрылыс жұмыстарының сапасына мән беріп, кестеден кешеуілдеп жатқанын тілге тиек етіп, басқада түйткілді мәселелерді сол жерде талқылады. Сондай-ақ аудан басшылығы мен аудандық білім бөліміне құрылысты қатаң қадағалап, мердігердің жұмысын бақылауда ұстау керектігін жеткізді.
♦Күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандарды аралаудан кейін облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі көшпелі комиссия отырысын өткізді.
Жиынның күн тәртібінде Мойынқұм ауданында кәмелетке толмағанға қатысты оқыс оқиғалар орын алуына байланысты, ауданда осы бағытта жүргізілген профилактикалық жұмыстардың ұйымдастырылуы және атқарылған іс-шаралар барысы қаралды.
Жиын барысында тақырып бойынша баяндамалар оқылып және талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылып, алдағы уақыта атқарылатын іс-шаралар легі белгіленді.

 

Мойынқұм ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.