Облыс әкімі үздік полиция қызметкерлерін марапаттады

561
Облыс әкімі үздік полиция қызметкерлерін марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Полиция күні мерекесіне орай облыстық полиция департаментінде өткен салтанатты шараға қатысты.

Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысы полиция қызметінің қоғамдағы рөліне тоқталып, жамбылдық полицейлердің еселі еңбегін атап өтті.

– Ел аумағының тұтастығы мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Сіздерге жүктелген жауапкершілік жүгі ауыр. Күнделікті қызметте өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Полиция әрдайым үлгі-өнеге көрсетуі керек. Халық сенімі – полиция қызметіне берілетін басты баға. Сондықтан әрбір тәртіп сақшысы жүктелген міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салуы тиіс, – деген облыс әкімі жанқиярлық ерлік көрсетіп, қызмет бабында қаза тапқан бүгінгі күннің батырлары ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Ербол Қарашөкеев бірқатар полиция қызметкеріне қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, Құрмет грамотасы және Алғыс хатын табыстады.

Мерекелік жиында облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, облыстық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин өз құттықтауларын білідіріп, бірқатар қызметкерлерді марапаттады.Қызмет бабында қаза болған қызметкерлердің отбасыларына құрмет көрсетілді.

Жиналғандар полиция департаменті жеке құрамының жауынгерлік өнерін тамашалап, мұражайындағы экспонаттармен танысты.

Айта кетейік, ағымдағы жылы полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға 4,1 млрд теңге бөлінді. Негізінен цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға басымдық беріліп отыр. Мемлекеттік қолдау полицейлердің жұмысын жеңілдетіп, жүктелген міндеттерді дер кезінде әрі кәсіби орындауына септігін тигізеді.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.