Облыс әкімі Шу ауданындағы Көкқайнар ауылының тұрғындарымен кездесті

109

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

Бұл жолы аймақ басшысы Шу ауданына барып Көкқайнар ауылдық округі және Шу қаласының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады.

Басқосуларға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Көкқайнарда өткен кездесуде алдымен ауылдық округ әкімі Қуатбек Жамбылов есеп беріп, көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.

1771 тұрғыны бар округте 7 әлеуметтік нысан халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылда 71 жеке шаруа қожалық тіркеліп, тұрақты жұмыс істеуде десек, өткен жылы оның 24-і мал басына 42 млн 222 500 мың теңге көлемінде субсидия алған.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының мал басының көбеюіне байланысты жайылымдық жер мәселесін шешу мақсатында былтыр округке қарасты мемлекет қорындағы 1040 га жайылымдық жер пайдалануға берілген.

Ағымдағы жылы 2040 га егістік жерге күздік бидай,  1980 га жерге жаздық арпа, 80 га жүгері, 10 га қызылша егілген.

Көкқайнарлықтарға “Ауыл аманаты” жобасы аясында жеңілдетілген несие беру үшін округте осы жылдың наурыз айынан бастап жұмыстар жүргізілуде. Ауылдағы 152 аула жобаға қатысуға ниет білдіруде.

Жиында облыс әкімі жайылым, ауыз су, суармалы су секілді бірқатар мәселелерді шешу бойынша облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Кездесу барысында ауылдықтар көкейдегі сауалдарын жолдап, жауаптар алды. Олар жайылым, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, еңбек кабинетін жабдықтау, спорт кешенін салу, мәдениет үйін жөндеу, жер телімін беру және басқа да мәселедерді көтерді.

Барлық сұрақтарға жауап берген облыс әкімі бірқатар жағдайлар бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Кездесуден кейін Нұржан Нұржігітов ауыл азаматтарын жеке қабылдады.

 

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.