Облыс әкімі «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС басшылығымен кездесті

198

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС басшылық өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Кнауф тобының Шығыс Еуропа және ТМД елдерінің директоры Лис Янис, Кнауф ТМД тобының технология және өндіріс департаментінің директоры Фогт Вольфганг және тағы басқалар қатысты.

Басқосуда бұған дейін «Кнауф гипс Тараз» ЖШС-інің инвестициялық штаб отырысында қаралған мәселесі талқыланды.

Атап айтқанда, инвесторлар «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша инвестициялық жобасына инфрақұрылым тарту қажеттілігін көтерді.

Аймақ басшысы инвестициялық жобаға қажетті инфрақұрылым тарту 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылатынын жеткізді.

Жобаға 9 шақырымдық қашықтықтан электр желісі және газ құбыры 24 шақырым қашықтықтан тартылмақ.

Бүгінгі таңда жоба жетекшілері инфрақұрылымның жобалық сметалық құжаттамасын дайындауда. Тиісті құжаттар басқармаға өткізілген жағдайда аймақтық үйлестіру кеңесімен шешім қабылданады.

Алдағы уақытта серіктестік өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарлауда.

Облыс әкімі жергілікті билік инвесторларды барынша қолдауға қашан да дайын екендігін жеткізді.

 

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.