Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

113
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов бірқатар азаматтарды мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған Тараз қаласы және Қордай аудандарының тұрғындары ауылға ағын су тарту, баспана беру, мемлекеттік марапатқа ұсыну, Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа ескерткіш орнату, өнертапқыштың жобасын қолдау  және тағы да басқа мәселелерді көтеріп, көмек сұрады.

Аймақ басшысы барлық азаматтың өтініштерін мұқият тыңдап, мәселелерді заң аясында шешу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.