Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

36

​Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады.

​Бұл жолы 16 тұрғын білім, денсаулық сақтау, спорт, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары салаларына қатысты мәселелерін көтерді.

​Ербол Қарашөкеев барлық өтініш-тілекке нақты жауап беріп, түйткілді мәселелердің түйінін тарқатудың заңды жолдарын ұсынды.

​Жауапты тұлғаларға өзекті сауалдарды егжей-тегжейлі зерделеуді, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

​Айта кетейік, өңір басшысы 2024 жылы 35 жеке қабылдау өткізіп, 480 азаматтың мәселесіне құлақ түрді.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.