Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

146

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады. Бұл жолы 11 азамат келіп, толғандырып жүрген сауалдарын көтерді. Олардың қатарында Астана, Алматы, Тараз қаласының және Талас, Т.Рысқұлов аудандарының тұрғындары бар.

Азаматтар әлеуметтік жобаларды іске асыру, баспана және ауыз сумен қамту, жол белгілерін ретке келтіру, тұрғын үйді жекешелендіру және экология мәселесін көтерді.

Сондай-ақ, футбол алаңшасын соғу, көшеге кәріз жүйесін тарту, учаскелік полицияның жұмысын жүйелеу бойынша талаптарын жеткізді.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев сұрақтарды жіті тыңдап, көтерілген мәселелерге заң аясында жауап берді.

Облыс әкімі жауаптыларға тұрғындардың барлық сауалын толық зерделеп, шешімі табылғанша бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, өңір басшысы 2023 жылдың қыркүйегі мен биылғы жылдың 28 мамыры аралығында 580-нен аса азаматты қабылдап, мәселерімен танысты. Бұдан бөлек, облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы 170-тен астам тұрғынның өтінішіне құлақ түрді.

Азаматтарды қабылдау жұмыстары жалғасады.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.