Нұржан Календеров облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

297

ҚР Президент Әкімшілігінің келісіммен Жамбыл облысы әкімі өкімімен Жамбыл облысы әкімі орынбасары қызметіне Нұржан Сәбитұлы Календеров тағайындалды. Нұржан Сәбитұлы кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм және денсаулық сақтау салаларына жетекшілік етеді.

Н. Календеров 1976 жылы 31 мамырда туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Еңбек жолын 1997 жылы бизнес құрылымындарында бухгалтер болып бастаған. 2000-2003 жылдары «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК-ның Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, 2003-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас маман, 2005-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының қаржы басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы,2011-2013 жылдары Жамбыл және Қордай аудандарының әкімі, 2013-2017 жылдары Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2019 жылдың 19 сәуірінен бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін қызметін атқарған. 2020 жылдың 16 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін Шу ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.