«Nur Otan» партиясының қолдауымен 5 жылда 26 мәдениет нысаны салынады

593

«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ғалымжан Сағынтаев «ZOOM» платформасы арқылы этномәдени бірлестік өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн режимдегі насихат кезінде кандидат кездесу қатысушыларына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, оның негізгі мақсаттары мен міндеттерін толық түсіндірді.
Сондай-ақ Ғалымжан Таймасұлы сайлауалды бағдарлама аясында елдегі саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің одан әрі дамуына ықпал ету жолында ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтау сынды шараларға мән берудің жоспарын таныстырды. Оның ішінде тақырыптық шаралар және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
–Жамбыл өңірінде тағдырдың жазуымен әр түрлі заманда қоныстанған 80-нен астам этнос өкілі тұрады. Олардың ұлттық салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыпын дәріптеу мақсатында 34 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында мәдениет саласын дамытудың нақты жоспары түзілген. Аталған бағдарламаға сай облыс аумағында 2025 жылға дейін 26 мәдениет нысаны пайдалануға берілетін болады. «Аудан күндері», «Әулие-Ата жұлдыздары» сынды мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, төл өнеріміз саналатын ақындар айтысы төрге өзіп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізуге мән беріледі.
Осы сынды қыруар шаруаға ықпал ететін партияға дауыс беріп, оны қолдау әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Сол азаматтық борышымызға атүсті қарамай 2021 жылдың 10 қаңтарда сайлауға қатысып, лайықты партияға дауыс беруге шақырамын, – деді кандидат.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.