Фото: facebook.com
Демеушілер тарапынан жасалған қомақты сыйлықты спортшыларға облыс әкімі Серік Шәпкенов салтанатты түрде табыстады.
Желі қолданушылары Абибаға берілген көліктің «VIP» нөміріне назар аударды. Желідегі ақпарат бойынша, мұндай мемлекеттік нөмірдің құны – 840 мың теңге.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында дзюдошы Абиба Әбужақынова 48 келі салмақта өнер көрсетті. Ол қола медаль үшін өткен кездесуде швед балуанынан жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады. Ал Эсмигүл Куюлова Олимпиаданың алғашқы ойындарында жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
Екі спортшы да Өзбекстанда туған. Кейін тарихи отанына қоныс аударып, қазір екі спортшы да Атырау облысының намысын қорғап жүр.
Еске салсақ, бұған дейін депутат Айдарбек Қожаназаров Абиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін сыйлаған еді.
https://stan.kz/nomiri-840-min-tenge-tyradi-atirauda-zherlesteri-dzyudo-404909/