НИВАНЫҢ АЛДЫНДА Аймақ On Мар 30, 2024 162 Бөлісу Жамбыл ауданының басшысы демалыс күндері егістік аралағанды әдетке айналдырғалы қашан. Бүгінде нивамен біраз жерді шарлап, шаруалардың қам-қаркетін көзбен көріп қайтты. Нивадан асқан егістікке, құмға мінер темір тұлпар табу мүмкін емес. Қалай аралау туралы хабар келеді аудан басшысы алдынға орынға жайғасады. Бәрімізге керегі осы. Өңірді бес саусағындай білгеннен соң шаруаларлың егістік орнын да жатқа біледі. Қысқа әрі тиімді тораптарды көрсетіп отырғаны жүргізушіге де жақсы. Бүгін Ерлан Қыдыралыұлы арпа, қант қызылшасы, пияз егіп бастаған шаруалардың алқабында болып, су ұңғымасын қолданып отырған азаматтармен әңгімелесті. Жаңбырлатып және тамшылатып суаруға кіріскен дала еңбеккерлерінің жұмысына сәттілік тіледі. Ақжігіт Жетпісбай 162 Бөлісу