Ниеті барға «екі қолға бір күрек» табылады

38

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел азаматтарын жұмыспен қамтуға жан-жақты тоқталған еді. «Пандемия еңбек нарығын едәуір өзгертті. Бұл – ең алдымен, қашықтан жұмыс істеу тәсілінің қарқынды дамуы. Көптеген жаңа кәсіптер пайда болған, үдерістердің көпшілігі автоматтандырылып, цифрландырылып жатқан қазіргі кезде бұл үрдіс тың серпінге ие болуда. Осындай жағдайда мамандықты жиі өзгерте білу және жаңа кәсіптерді игере алу арқылы ғана әркімнің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ете аламыз. Сондықтан, бізге «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң қажет. Бұл құжат біліктілікті тану мәселесін реттеп, жұмысшыларды өзінің қарым-қабілетін жетілдіруге ынталандыруы керек.  Жаппай цифрландыру үдерісі интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамтудың жаңа үлгісін алып келді. Такси жүргізушілері, курьерлер және басқалар – осының жарқын мысалы», – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл сала әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамту және салық салу тұрғысынан мемлекеттің қолғабыс етуіне мұқтаж болып отырғанын да айтқан еді.

Осы орайда әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында елімізде көптеген бағдарлама қабылданып жатыр. Ал сол бағдарламаларда көрсетілген міндеттерді орындап, жоспарларды жүзеге асыру – жергілікті биліктің міндеті екені даусыз. Бағдарламаларды мейлінше ел игілігіне жарату да басты мақсат болуға тиіс. Бүгінгі жаһандану заманында кез келген мемлекеттің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі – сол елдегі әлеуметтік жағынан және де жұмыспен қамтылған халықтың үлесі. Осы ретте тұрғындардың жағдайын көтеру мақсатында елімізде бүгінде көптеген кәсіпкерлік, жұмыспен қамту сияқты әртүрлі бағытта ауқымды шаралар іске асырылуда. Аталған игі бастамаларды орындау Тараз қаласында да жүйелі жүзеге асуда.

Мәселен, биыл облыс орталығында “Жастар практикасы” бағдарламасы арқылы 540 адамды жұмысқа орналастыру көзделген. Тамыз айындағы дерек бойынша 378 түлек жалақыны толығымен субсидиялау шартымен жастар тәжірибесіне жолданды. Оның 111-і аяқтап, 69-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сол секілді 2023 жылға “Алғашқы жұмыс орны” жобасы аясында 106 жұмыссызды жолдау жоспарланған. Нәтижесінде алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыруға ниет білдірген 67 жұмыс берушіге 82 жұмыссыз азаматтар жіберілген. Алғашқы жұмыс орынға жолданған жұмыссыз азаматтардың айлық мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті немесе 103 500 теңге, мерзімі – 18 ай.

Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орындарына 25 жұмыссызды жолдау жоспарланған. 9 айдың қорытындысы бойынша 26 жұмыс берушіге 42 жұмыссыз азамат жолданған. Оның 9-ы аяқтап, оның ішінде 6-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 1 085 жұмыссыз азаматты жолдау жоспарланып, ағымдағы жылдың тамыз айында 1 059 азамат жолданды. Оның 293-і аяқтап, 177-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ұрпақтар келісім шартына 6 жасты жолдау жоспарланып, бүгінгі күнге 6 азамат жолданған. “Күміс жасына 150 адамды жолдаужоспар. Бүгінгі күнге 169 жұмыс берушіге 152 адам жолданды.

Тараз қаласы әкімінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы №6700 қаулысы бойынша белсенді шараға тарту жұмыстары жыл басынан бері 17 мүгедектігі бар адамдар квота бойынша тұрақты жұмыспен қамтылды, яғни жоспар 100 % орындалды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес, Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 6701 қаулысымен 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 10 жұмыс берушілердің келісімімен 30 бос жұмыс орындарына квота беріліп, бүгінгі күнге 30 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, жоспар 100% орындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.