Неліктен Әл-Фараби пайғамбарлық түсінікті тоқтатусыз насихаттай берген?

51
Әл-Фараби барша еңбегінде әуелі Аллаға мақтау айтып, Пайғамбарға салауат жолдайды.
Ал, Әл-Фарабидің «Мишкат-ул Нубуат» түсінігі бойынша: «Пайғамбар «Мустафад» ақылына жеткен, кемелдік шыңындағы тұлға». Ол бойынша, Пайғамбар кез-келген хәкімнен (философ) биік тұрады. «Мадинат-ул фадила» еңбегінде Пайғамбар дәуірін «аср саадат» (бақытты кезең) деп атап, «Әрбір пайғамбар хакім (философ) бола алады, ал әрбір хакім (философ) пайғамбар бола алмайды» деп, пайғамбарлардың дәрежесі хакімдерден жоғары екенін көрсетеді.
Әл-Фараби философиясы бойынша: «Адамның ең жоғарғы кемелдік деңгейі – пайғамбарлық». Пайғамбарды тек ақылдың қабілеті арқылы ғана емес, «фадл ақылдан» (Жәбірейіл) келген шарапат (уахи) арқылы жоғары дәрежеге ие деп түсіндіреді.
Әл-Фарабидің бұл «Нубуат Дарурат» (Пайғамбарға мұқтаждық) тұжырымын шәкірті Ибн Сина да тынымсыз жалғастырып «Рисалай Нубуат» (пайғамбарлық жайлы трактат) атты сұрақ-жауап негізіндегі еңбегін жазады.
Ұстаз (Әл-Фараби) бен шәкірт (Ибн Сина) не үшін пайғамбар культі мен пайғамбарлық философиясының маңызын түсіндіруге тырысты?
Себебі, Аристотель философиясында «Құдайлық» философия айтылып, «пайғамбарлық» философия мүлде айтылмайды. Ал, Әл-Фараби болса Аристотельдің барша қате философиялық тұжырымдарын түзетіп отырғаны үшін
«Екінші Ұстаз» атанған.
Әрбір қате тұжырым, қате танымға алып келеді.
Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.