«Не үшін, белгісіз»: Ақтөбе облысында ауласындағы сарайдан 9-сынып оқушысының асулы денесі табылды

81

gorod_aktobe Instagram парақшасында сол ауылдың әкімі Оралбек Әбшанов ұстаздар мен психолог бұрын қыздың мінезінен ешқандай өзгеріс байқамағанын айтты. Анасы да отбасында ешқандай кикілжіңдер болмағанын алға тартқан екен.

«Түнгі он екіде қонақтарды шығарып салған соң, анасы қызын іздей бастаған. Сөйтіп оны ауладағы сарайдан тапқан»,- деді әкім.

Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасының орынбасары Нұргүл Бертілеуова 16 жастағы оқушы қыз өзіне қол жұмсар алдында хат қалдырмағанын айтады.

«Ол жақсы отбасында тәрбиеленген, үлгерімі жақсы оқушы болды. Ал өз-өзіне қол жұмсағаны не үшін, белгісіз», — деді Нұргүл Бертілеуова.

Бұл оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

“Аталған факті бойынша «суицидке жеткізу» ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”,- делінген полиция хабарламасында.

https://stan.kz/ne-ushin-belgisiz-aktobe-oblisinda-aulasindagi-saraydan-376165/

Leave A Reply

Your email address will not be published.