«Не жеңемін, не өлемін»: Қамауға алынған оппозиционер Жыланбаев аштық жариялады

92

Фото: Бейнеден алынды

Ол дегеніне жеткенше нәр татпайтынын айтты.

«Адамдар менің еш кінәм жоқ екенін көргенін және соттың ашық өткенін қалаймын. Сондай-ақ кеше мен аштық жарияладым. Дегеніме жеткенше нәр татпаймын. Не жеңемін, не өлемін», — деді ол.

Мырат Жыланбаев «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» бабы бойынша күдікке ілініп, мамыр айында қамалған еді.

Айта кетейік, бұған дейін белсенді өз ісіне қатысты соттың жабық өткенімен келіспей, наразылық белгісі ретінде аузын тігіп тастаған болатын. Ал тергеу изоляторының әкімшілігі оның аузындағы тігістерді күштеп алып тастаған. https://stan.kz/ne-zhenemin-ne-olemin-kamauga-alingan-oppozicioner-zhil-390656/

Leave A Reply

Your email address will not be published.