Moody’s халықаралық агенттігі Halyk Bank-тің рейтингін тұрақтыдан оң болжамға көтерді

90

Moody’s сарапшыларының пікірінше, рейтингтерді тәуелсіз деңгейде растау банктің күшті капиталы, табыстылығы мен жақсы өтімділігі арасындағы тепе-теңдікті көрсетеді.

Moody’s агенттігі оң болжам жасай отырып, Halyk Bank-тің операциялық ортасының жақсаруынан үміт күтеді. Атап айтқанда, жоғары баға топтың қызметін кеңейтуге, оның қаржыландыру базасының құбылмалылығын азайтып, негізгі несиелік көрсеткіштерді сақтап, жақсартуға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының өсіп, инфляцияның төмендеуі банкке үлкен тәуекелдерсіз-ақ дәйекті дамуға мүмкіндік береді. Бұл Halyk депозиттік рейтингінің де көтерілетінін көрсетеді.

«Қандай сын-қатерлер болсын тұтынушыларға тұрақтылық пен сенімділікті көрсету біз үшін өте маңызды. Түрлі жағдайда да біздің басымдылығымыз халықаралық стандарттарға сәйкес бизнес-процестерді, сәйкестікті бақылау процедуралары мен тәуекелдерді басқаруды үздіксіз жетілдіру болып табылады. Сол үшін де қызметтің негізгі көрсеткіштерін жүйелі түрде жақсарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ал Halyk болжамын тұрақтыдан оңға дейінгі көрсеткіште жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді рейтингтерді растау біздің банктің стратегиясын жүзеге асырудың тиімділігін тағы бір рет көрсетеді», – деді Halyk Bank-нің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.https://stan.kz/moodys-halikaralik-agenttigi-halyk-bank-tin-reytingin-t-390644/

Leave A Reply

Your email address will not be published.