Назарбаев Астанадағы биржада алғашқы сауданы іске қосты

627

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңындағы сауданы іске қосу шарасына қатысты.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы биржасындағы алғашқы сауданы ресми түрде іске қосамыз. АХҚО базасындағы алғашқы сауданы ашық деп жариялаймын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. 14 қарашада қарапайым акциялармен шартсыз сауда жасалды, сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰКҚ» АҚ жаһандық депозитарлық қолхатпен шартты сауда жүргізілді. «Қазатомөнеркәсіп» жаһандық депозитарлық қолхаттарының шартсыз саудасы шамамен 2018 жылдың 19 қарашасында басталады.

АХҚО биржасы құнды қағаздар нарығының дамуына қолғабыс етуге, капиталдың халықаралық нарығы интеграциясы үшін, ұлттық компанияларды жекешелендіру бьағдарламасын өткізуге арналған алаң жасау үшін, мемлекеттік және корпоративтік құнды қағаздар шығару үшін ашылған. АIX (Astana International Exchange — Астана халықаралық биржасы) соңғы айларда негізгі бірнеше кезеңнен сәтті өтіп, өзінің бірінші IPO-сын қолауға дайын. Ағылшын жалпы құқық ұстанымымен негізі құрылған тәуелсіз юрисдикция аясында АХҚО биржасы Нарық эмитенттері мен қатысушыларының ашықтығы мен корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ережелер мен бақылау механизмін жасады.

АХҚО биржасының басқарма төрағасы Тимоти Беннет, ол биржа инфрақұрылымдарын жасау саласындағы тәжірибелі маман. АХҚО биржасының (AIX) стратегиялық серіктесі мен акционері — Шанхай қор биржасы (SSE) мен Nasdaq биржа тобы.  2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойған еді. АХҚО-ның мақсаты — қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі — ағылшын тілі болады.
tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.