Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 3 тамызға арналған ауа райы болжамы

32

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 3 тамызға арналған ауа райы болжамы
 istockphoto.com

«Қазгидромет» 3 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мәлімет бойынша, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде күннің құбылып тұруына ықпал етеді. Соның салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте, елдің орталығында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жауады, солтүстік, шығыс облыстарда, ҚР оңтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңда тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Абай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абайоблыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында,Атырау облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысында, Ақмолаоблысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматыоблысының батысында, орталығында, Ұлытауоблысының батысында, Жетісу облсының солтүстігінде, орталығында, Жамбылоблысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

https://turkystan.kz/article/246726-naizagai-oinap-zhanbyr-zhauady-3-tamyzga-arnalgan-aua-raiy-bolzhamy

Leave A Reply

Your email address will not be published.