НАУРЫЗ — ЖЫЛ БАСЫ

75
Бүгін Орталық алаңда «Жыл басы-Наурыз» атты театрландырылған көріністі сазды кеш өткізілді. Әнмен әрленіп, күймен көмкерілген кештің шымылдығы Бақсы, Аластау, Көктемнің оянуы, Әжелер, Үкілі қыздар және Сәйгүлік көрінісімен ашылды. Әсіресе жиылған жұртшылық «Жамбыл мен Майкөт ақынның дидарласуы» қойылымын шабытпен тамашалады. Жаңатас қалалық өнер мектебінің домбырашылары күй орындаса, Қыдыр ата бақ дарысын, құт келсін деп ақ батасын берді.
Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, барша сарысулықтарға бақ-береке мен ынтымақ тіледі. Сазды кеште аудандық мәдениет үйінің әншілері рухты әндерді шырқаса, «Айжанқыз» халықтық бишілер ұжымы ынтымақтастықты ұран етіп, түрлі билерді мың бұрала биледі. Сонымен қатар, Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің өнерпаздары да күйлерді орындап, дархан даланы сазымен тербетті. Бірлігі мен тірлігі жарасқан сарысулықтар айшықты мейрамды осылай қарсы алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.