НАУРЫЗ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

128
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

16 наурыз — мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай аудан орталығында ашық аспан астында киіз үй тігіліп, ұлыстың ұлы күні Әз-наурыз мерекесі аталып өтті.

Ауыл тұрғындары мен қонақтар беташар салтын тамашалап, бір-бірін қазақы жыл басымен құттықтады. Көпшілік ұлттық тағамдардан да дәм татып, көтеріңкі  ән мен іскер әйелдер бірлесе билеген “Қара жорға” биін тамашалады.

-Ауыл тұрғындары бұл мерекені ылғи да ерекше ықыласпен күтеді.  Бүгін отбасылық және мәдени құндылықтардың,  жарқын көрінісіне куә болдық.  Биыл елімізде наурыз мейрамы үлкен көлемде тойланып жатқаны қуантады. Бәрі өте керемет ұйымдастырылған, Наурыз дастарханынан да дәм таттық. Керемет концерттің куәгері болып, жарыстарға да қатыстық.  Мерекені атап өту үшін орталыққа отбасымызбен келдік,-дейді асалық тұрғын.

Алаңда ұлттық ойындар дәріптеліп, жастар алтыбақан тепті. Сонымен қатар аудан халқы қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалап, тіптен шеберлермен бірге оларды жасауға атсалысты.

-Биыл төл жаңа жылымыз ерекше тойланатынына ауыл болып қуандық. Қуанышымызға орай ауа-райы да керемет болып тұр. Ендігі осы әдеттен жаңылмасақ екен,-деп ақжарма тілегін білдірді ауыл тұрғыны

Айта кету керек, аудандағы сауда орындарында 14 наурыздан бастап “Наурыз -базарлық” акциясы жүргізіліп, наурызнама шаралары барлық округтерде аталып өтуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.