Нашақорлық-қоғамдық дерт

360
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік– есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Нашақорлық аса қауіпті де қасіретті дерт. Адамның әрекеттерінде, ой-сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи немесе синтетикалық заттарды “есірткі” деп атаймыз.
Бұл дегеніміз – табиғи немесе жасанды түзілген, адамның сана-сезіміне өзгерістер әкелетін химиялық қоспалар, яғни психикалық белсенді заттар. Бұлар мидың қажетті нерв жүйесіне химиялық қозғау салу арқылы жауап ретінде психоэмоциялық рахат, ләззат сезімін тудырады немесе әлдебір қалыпсыз ауытқулар алып келеді. Бұл қоспалардың адам ағзасын өзіне тәуелді ету мүмкіндігі өте жоғары. Есірткінің кейбір түрлерін бір рет қолданған кісі оған өмір бойы тәуелді болады. Әсіресе, жүйке жүйесі әлі толық қалыптасып бітпеген жасөспірімдерге өте зиян.
Есірткі тарихы
Б.з.д. 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.
Есірткі таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.

 

Меркі Ауданы Әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.