Жамбыл облысында намаз оқыған спорт мектебі түлектерінің жайнамазын таптап, желкесінен сүйреп балағаттаған жаттықтырушы елден кешірім сұрады. Өз сөзінде спорт мектебінің қызметкері қателігін мойындап, оған діни сауатының төмендігі себеп болғанын айтады.