Су айдындарында мұз қатқанымен, әлі де қауіпті. Бірақ бұған қарап жатқан балықшылар жоқ. Аудандағы «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасына жергілікті және сырттан балықшылар көптеп жиналады. Осы себепті Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жиі рейд өткізіп, балықшыларға сақ болуды ескертіп отырады. Осындай рейдтердің бірі 5 ақпан күні Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен жүргізіліп, 65 балықшыға мұз үстінде балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және құтқару жилеттерді және құтқару арқандарын міндетті түрде алып жүру туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 100 ге жуық жаднамалар таратылды.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Мұз үстінде балық аулау кезінде белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.
Қалыңдығы жұқа, қатпаған мұзға шығуға болмайды;
Жағалауларда және ағындарда мұздың қалыңдығы әлсіз болады;
Мұзда адамдардың бір-бірімен ара қашықтықты сақтауы маңызды;
Мұз үстіне көлікпен шығуға тыйым салынады;
Балық аулау кезінде алкоголдік сусындардан бас тартыңыз.
Жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.