Мұражай мен галереяға бару акциясы өтті

24

Полиция департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, Жамбыл облысының әкімдігі өзара іс — қимыл жасау туралы қол қойылған меморандумға сәйкес, Облыстық өлкетану мұражайы мен Көркем галереяға бару акциясын бірлесіп ұйымдастырды.

Акция барысында Полиция департаментінің әйелдерді отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Диляфруз Кинжеханова, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы бойынша психолог, аға инспектор Анна Дмитриенко, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызмет басшысы Елена Кучукова қызметкерлер мен зейнеткерлердің отбасыларына арналған мұражай мен галереяға бару шарасын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, сабақтан тыс уақытта «жас саяхатшылар», № 1 және №7 гимназия оқушылары тарихи деректермен мұқият танысып, үлкен қызығушылық танытты.
Аталған іс-шараның мақсаты- жас буынға патриоттық тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, мәдени және рухани танымын арттыру, жастардың бойында адамгершілік-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.