Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір арзандады

771

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы айтарлықтай арзандады, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  inform.kz   сайтына сілтеме жасап.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қазанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 1,82 долларға арзандап, 72,39 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,1 долларға түсіп, 67,66 доллар болды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.