МОЙЫНҚҰМҒА КӨГІЛДІР ОТЫН ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛАДЫ

88
Бұл көптен күткен жаңалықты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов жеткізді.
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының халқы үшін ерекше қуанышты жағдайды естіп біз де қуанып отырмыз.
Шалғайдағы өңірге газ құбырын тарту ертеректе бір қиял ғажайып ертегі секілді көрінсе, 2019 жылдан бері қоғамдық мәселе қозғала бастаған болатын. Жергілікті билік, облыс әкімдігі, депутаттар да қажетті жұмыстарды жан-жақтан қолға алуға бет бұрды.
Енді міне, 2024-2027 жылдарға республикалық бюджеттен /14,5 млрд тг.) қарастырылу және 4 млрд тг, облыстық бюджеттен бөлу көзделгені айтылып
отыр.
Жақсылығы мол жаңалыққа газ отыны тартылатын 9 ауылдың тұрғындары шын қуанып, осы істің басы-қасында жүрген азаматтарды атап айтып, алғыс білдірген сөздері де әлеуметтік желіде көрініс тапты.
Көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің “Құм мінезі” повесінде шопандардың қақаған қыста сексеуілдің қызыл шоғына жылынып отырып “ел ертеңі тұрмыстың түзелуіне не берер екен?” деп ойланып қалатын еді ғой.
Ал Шәмші Қалдаяқов өзінің атақты “Мойынқұмда” әнінде өңірдің әр ауыл атауын “еңбек берекесі” деп шырқайтын еді…
Бұл жаңалық Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толған уақытта болуының арғы-бергі жағдайын тарих үшін сараптап көрсек, ел егемендігінің қадіріне жете білудің зор мағынасын айқындай түседі.
Алыптардың алтын бесігі-Мойынқұмның мерейі биіктей берсін!
Алыстағы ауылдардың қуанышы құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.