Бүгін Мойынқұм ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінде аудан әкімінің шыршасы өтті.
72 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесіне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар бүлдіршіндер қатысты. Мерекеге орай балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер табыс етілді.
Жаңа жылдык шыршада ертегілер кейіпкерлері, Өнер және қосымша білім беру мектебінің ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Мойынқұм Ауданы