Моңғолияның «Сэлнэн» компаниясының шеберлері жасаған алып киіз үй Гиннестің рекордтар кітабында енгізілді.
Киіз үй елдің шығысындағы Дорноговь аймағының Қатынбұлақ ауылындағы Ханги-Мандал бақылау-өткізу пунктінің маңына құрылған. 36 қанатты киіз үйдің жалпы ауданы 1 мың шаршы метрдей болады. Алып орда бір уақытта шамамен 500 адамды сыйдыра алады. Киіз үйдің биіктігі 14 метр, бұл үшқабатты ғимараттың биіктігімен бірдей.
Киіз үйдің басты ерекшелігі — моңғолдың дәстүрлі дизайны мен үйді әзірлеу әдістерінің сақталуы. Үлкен болғанына қарамастан, киіз үйдің төрт бағанасы бар. Киіз үй шетелдік туристерді тарту мақсатында пайдаланылатын болады.
Еске сала кетсек, Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы бағбан жүзіммен көмкерілген киіз үй жасады. Сонымен қатар, қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасап шыққан болатын.