Министрлік «далада түнеп жүрген» студенттерді іздестіріп жатыр

122

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «далада түнеп жүрген» Алматы студенттерін іздестіріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Алматы студенттерінің «далада түнеп жүргені» жайлы видео тарап жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі ролик авторларынан ведомствоға хабарласуды сұрайды. Қажет болған жағдайда ол студенттерге көмек көрсетіледі.

«Алматы қаласында қиын жағдайға тап болған студенттерді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб жұмыс істейді. Студенттер тәулік бойы +7 778 655 60 83 номеріне хабарласа алады. Онымен бір мезгілде баспанадан заңсыз шығару немесе жалға беру құнын өсіру жағдайы болса, азаматтар тегін заңгерлік кеңес алу үшін Әділет министрлігінің 119 (қалалық телефон) колл-орталығына немесе 58-00-58 номеріне (Алматы, Астана қалалары үшін) хабарласа алады», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1450 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейтінін еске салды.

«Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында Қоғамдық қабылдау кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады», – делінген ведомство ақпаратында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.