Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері түгел қаза тапты

73

Фото: kolosha.ru

Өзбекстан Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-әуе күштері қолбасшылығына қарасты Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу орындап жатқан кезде кенет радардан жоғалып кетті. Ұшақ апатқа ұшырады.

Төтенше жағдай 2019 жылы ашылған «Каттақорған» ең ірі әскери полигонында болды.

Өзбекстан әскери ведомствосының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Ми-8 экипажы түгел қаза тапты. Тікұшақтың бортында қанша әскери қызметкер болғаны айтылмады. Арнайы комиссия құрылып, қазірдің өзінде апаттың себептерін анықтаумен айналысуда.https://stan.kz/mi-8-askeri-tikyshagi-apatka-yshirap-ekipazh-musheleri-391357/

Leave A Reply

Your email address will not be published.