«Мейкин Азия» III Халықаралық фестивалінде бас жүлде иегері-Айна Қалмағанбетова

-

77

Қырғызстандағы Чолпон-Ата қаласында өткен «Мейкин Азия» танымал музыка орындаушылардың ІІІ Халықаралық Ыстықкөл фестиваліне Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің ықпалымен, Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен еліміздің атынан К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Қалмағанбетова Айна Серікқызы қатысты.

Үш күнге созылған музыкалық таланттар байқауына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Венгрия, Түркия, Солтүстік Кипр т.б. елдерден 18 бен 35 жас аралығындағы 17 жас орындаушы бақ сынады.

▫️Фестиваль барысында Айна Қалмағанбетова Төлеген Мұхамеджановтың «Құс жолы» әнін, екінші күні Эрик Карменнің «All By myself» әлемдік хит әнін жоғары деңгейде орындап, үлкен қошаметке ие болды.

Байқау қорытындысында жерлесіміз Айна Қалмағанбетова бас жүлдені жеңіп алып, 5000 доллардың сертификатын иеленді.

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Қалмағанбетова Айна Серікқызы – әнші, композитор ретінде бұған дейін де өнер жобалары мен халықаралық конкурстардың лауреаты атанған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Айта кетейік, 2013 жылы өткен «Makin Asia» бірінші музыкалық фестивалінде әйгілі әнші Димаш Құдайберген еліміздің намысын қорғап, бас жүлдені жеңіп алған болатын.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.