Меркіде бидай алқабы өртеніп кетті

706

Кеше Меркі ауданының Ақарал ауылдық округінде бидай алқабы өртке оранды, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау егістіктің 2 учаскесіне тараған. Нәтижесінде, 1-ші учаскеде 5 гектар, 2-ші учаскеде 4 гектар алқапты от жалмаған. 15:15-те тұтанған жалын 16:08-де оқшауланып, сағат 17:20-да толық сөндірілген.

Өрт ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жыұмыстары қызметінің»,  Ақарал және Меркі ауылдық округтерінен шыққан жалпы саны 29 адам және 7 техника күшімен ауыздықталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.