МЕРКІ АУДАНЫНДА АСАРЛАТЫП ҮЙ БЕРІЛДІ

174
Облыс әкімінің бастамасымен халқымыздың асар дәстүрі қайта жаңғырып келеді.

Осы орайда, Ақтоған ауылында тұрғындардың ауызбіршілігімен кезекті отбасы баспаналы болды.

Жаны жайсаң жомарт жандардың демеушілігі және ауыл азаматтарының әрбірінің қол көмегімен тұрғызылған төрт бөлмелі үй жас отбасы Талғат Садығұлов пен Гүлжайна Усмановаға берілді.

Баспананы салтанатты табыстау шарасына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев пен ақсақалдар бастаған ауыл тұрғындары жиналды.

Қуанышқа ортақтасқан ағайын алдымен қайырымды шараның жалғасуына ниет білдіріп құран бағыштады.

Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рахымбайұлы мен ауыл ақсақалдары жас отбасыны жаңа баспанамен құттықтап, лентасын кесті.

Асарлатуға белсенділікпен атсалысқан бірқатар азаматты ауыл әкімі Данияр Абдіразақ алғыс хатпен марапаттады.

Жалпы Ақтоған – тұрғындарының ауызбіршілігімен аймаққа үлгі болған ауылдардың бірегейі. Өйткені, мұндай қуаныш ауылда жыл сайын болып тұрады. Осымен, Садығұловтар отбасы соңғы жылдары ауылдағы асарлатып берілген он төртінші үйге ие болып отыр.

Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.