«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

98
Кейінгі жылдары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы мыңдаған отбасының жетістігін насихаттап, жас отбасыларға өнегелі жол көрсетіп келеді. Аталған байқаудың аудандық кезеңінен биыл 2 отбасы топ жарып, облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Күні кеше аталмыш байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, тиісті марапаттарын табыс еттік.
Нәтижесінде, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңін өңіріміздегі Көшербаевтар және Баймағанбетовтер әулеті жеңіп, үздіктер қатарынан көрінді. Біз де өз кезегімізде әулеттің үлкендеріне алғысымызды білдірдік. Ендігі кезекте жерлестеріміз аталған байқаудың облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайтын болады. Кездесу барысында аталмыш сыннан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атануларына тілектестік білдірдік.
 Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков Шу ауданы әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.