Марқұм әкесі Заманбек Нұрқаділовті кіші қызы Мерей еске алып, архивтегі суреттерді жинақтап, TikTok-қа видео жариялаған.
Бейне ағылшын тілінде жазылған: «Мен барлық ер-азаматтарды жек көремін, бірақ ол…», – деп әрі қарай Мерей әкесімен түскен суреттерді жариялаған. Айтар болсақ, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов пен әнші Мақпал Жүнісованың қызы Мерей Заманбекқызы былтыр мектепті қызылға бітірген еді.