Мереке күні елімізде ауа райы қандай болады

40

8 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет» синоптиктері 8 наурызға еліміздің бірқатар облысында, сондай-ақ үш мегаполисінде дауылды ескерту жариялады.

Жетісу облысында жауын-шашын күтіледі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Талдықорған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман басады. Жолдарда көктайғақ болады. Ақтөбе қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Қызылорда қаласында көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ тұман күтіледі. Орал қаласында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел батыстан соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Тараз қаласында кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Абай облысының жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Семей қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысында жауын-шашын, облыстың батысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазған қаласында жауын-шашын, бұрқасын болып, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қарағанды облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Астана қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Шымкент қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түркістан қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с жетеді.

Ақмола облысында күндіз батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын болады. Өскемен қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі.

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/256933-mereke-kuni-elimizde-aua-raiy-kandai-bolady

Leave A Reply

Your email address will not be published.