Мердігерлер Мағжан Жұмабаев ауданындағы мектептің жөндеу жұмысын уақытында аяқтамаған

113

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданынына қарасты Октябрь ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмысы биыл 2 маусымда басталып, жоспар бойынша қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс еді. Алайда жаздың ортасына қарай «Деловой Альянс» ЖШС мердігері тіпті 30% жұмысты да аяқтамады. 

Жақында білім беру мекемесіндегі жөндеу жұмысының барысымен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов танысты.

Мердігерлер Мағжан Жұмабаев ауданындағы мектептің жөндеу жұмысын уақытында аяқтамаған

Осылайша, мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 60 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға смета бойынша 4 витражды, 2 және 3 қабаттағы 85 терезені, спорт залдағы 6 терезені, спортзалдағы  киім ауыстыратын бөлменің 4 терезесін, сондай-ақ жылыту жүйесін ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар, сметада ауданы 275,1 шаршы метрді құрайтын бірінші қабаттағы залды жөндеу және 298,5 шаршы метр акт залды   қарастырылған.

«Бүгінде іс жүзінде барлық жоспарланған жұмысты бөлшектеу және апаттық жерді анықтау жұмысы ғана аяқталды. Алайда бүгінге дейін терезе блоктары ауыстырылып, әрлеу жұмыстары жүргізіліп, батареялар орнатылып және баспалдақтар жөнделуі керек еді. Мұның бәрі орындалған жоқ», – деді Жеңіс Асанов.

Мердігерлер Мағжан Жұмабаев ауданындағы мектептің жөндеу жұмысын уақытында аяқтамаған

Осы аптаның соңына дейін жұмысшылар еденге плитка мен линолеум төсеу жұмыстарын аяқтауы керек еді. Бірақ бұл жұмыс тек 20%-ға орындалды. Жұмыс әрі қарай уақтылы жүргізілуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға берілді.

https://turkystan.kz/article/228113-merdigerler-magzhan-zhumabaev-audanyndagy-mekteptin-zhondeu-zhumysyn-uakytynda-ayaktamagan/

Leave A Reply

Your email address will not be published.