Аудандағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде

155
Мәселен, өткен демалыс күндері аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақыртөбе, Көгершін және Р.Сәбденов ауылдарындағы бой көтеріп жатқан спорттық сауықтыру кешендері мен мәдениет үйінің, Сәлімбай елдімекеніне тартылып жатқан ауыз су құбырының, Құлан ауылындағы Арай тұрғын үй алқабындағы көп қабатты тұрғын үйлерге инфрақұрылым жүргізу жұмыстарының барысын зерделеді.
Сондай-ақ, “Аққайнар” шаруақожалығындағы қант қызылшасының жиын-терін жұмыстарын көрді.
Жұмыс сапары барысында көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.