“Менің бір жаман әдетім бар. Қолымдағы бар нәрсені жұрттарға таратып жібере саламын. Әлде ол жақсы әдет пе? Мысалы, бір сұхбатта отырып, жүргізуші «бір кісіге көмектесе аласың ба?» деп сұрағанда, «иә, көмектесейін» дедім. Артта тұрған өзім мініп жүрген астымдағы көлігімді ешнәрсе сұрамай, ешкімнен ешнәрсе күтпей, бере салдым. Өзім солай көліксіз қалып, біраз жаяу жүріп қалғанмын. Бір қызығы іште сосын ешқандай өкініш болмайды”, – деп бастады әңгімесін әнші.
Эстрада жұлдызының айтуынша, жақындары мен достарын да жиі қуантып тұрған.
“Бұл – Нұрсұлтан деген жігіт. Қандай іс-шара жасасам да, көрермен болып қолдап, қалмай келіп жүреді. Оған қолымдағы сағатымды естелікке беріп жібердім. Осылай жүрген жерімде қолымдағы барымды таратып жүремін. Көп адам мұны түсіне алмай жатады. Мен өз ойым: Кең болсаң, кем болмайсың. Ризықты беретін – Алла, басқа жерден де береді. Ең бастысы пейілді тарылтпасын», – деп жазды продюсер.
https://turkystan.kz/article/245977-menin-bir-zhaman-detim-bar-baglan-bdiraiymov-el-aldynda-syryn-aktardy