«Мен үшін түк өзгерген жоқ»: Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко Қазақстан боксын сынға алды

56

Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері, көп жыл бойы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында өнер көрсеткен Иван Дычко Prosports.kz журналисіне берген сұхбатында Ханчжоу (Қытай) қаласында өткен Азия ойындарындағы боксшыларымыздың сәтсіздігіне қатысты өз ойын ортаға салды.

– Барлық саладағыдай, спортта да әрдайым жақсара түсу керек, әлдебір жаңа дүниелер тауып, сондай-ақ мықтылардың озық тәжірибесін қарау керек деп ойлаймын. Өкінішке қарай, мен мұны емес, өзім он жыл бұрын құрамада болған кездегі жағдайды көрдім. Мен анау айтқандай бақыламаймын, алайда 10 жыл бұрын көргенімді қазір де байқаймын. Қазақстандық бокстың масштабын алып қарайтын болсақ, мен үшін ештеңе өзгерген жоқ. Менің ойым мынадай – ескі жүкпен алысқа шаппайсың, – деді боксшы.

 

https://turkystan.kz/article/235288-men-shin-t-k-zgergen-zho-olimpiadany-eki-d-rkin-ola-zh-ldegeri-ivan-dychko-aza-stan-boksyn-syn-a-aldy

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.