«Мен сені қорғаймын»: Желіде жылаған баланы жұбатып құшағына алған жаттықтырушы көпті сүйсіндірді (видео)

112

Сурет желідегі кадрлардан алынған

Желіде тараған видеода «FC ACADEMY AKTOBE» футбол клубының жаттықтырушысы Досхан Қарасаевтың шәкірттеріне ерекше ықыласы бейнеленген.

“Құрметті шәкіртім! Ешқашан жылама! Ешқашан жыламас үшін мен сені қорғап, қолдаймын. Бізбен бірге болған кезіңде қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Бір отбасы екенімізді есте сақта. Жаттықтырушы ретінде әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Мықты бол және бірге үлкен жетістіктерге жете алатынымызды есте сақта”, – деп жазды ол.

“Бапкердің қолдауы баға жетпес құнды. Осындай көзқарасыңыз бен қолдауыңыз үшін көп рахмет! Бұл жаттықтырушыны таңдағанымызға қуаныштымыз”, “Міне, осылай болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жатыр”, “Мұндай жаттықтырушыға мен де ұлымды тапсырар едім”, “Бауырым, қазақтың кең жүректі екенін білдірдің. Осы шәкірттеріңнің рахаты мен жеңісін көр”, “Қазақ халқының жүрегі кең, өте мейірімді ғой!” – деп жазды желі қолданушылары.

https://stan.kz/men-seni-korgaymin-zhelide-zhilagan-balani-zhybatip-kys-388605/

Leave A Reply

Your email address will not be published.