«МЕН ДОНОРМЫН!» АТТЫ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

126
Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жанынан құрлыған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының және мемлекеттік қызметшілерден құралған «Руханият» волонтерлік қозғалысының мүшелері «МЕН ДОНОРМЫН!» қайырымдылық акциясын өткізді.
Дүние тіршілігінде адам өмірі мен оның денсаулығынан бағалы ештеңе жоқ. Сын сәтінде дәрігерлермен бірге өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысатын адамдар аз емес.
Соның бірі – донорлар, яғни, ерікті түрде қан берушілер.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, ауруханаларды қанның құрамдас бөліктерімен толық қамтамасыз ету үшін 1000 адамға шаққанда 20-25 адамның қан тапсыруы қажет екен.
Қан тапсыру – қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі болып табылатынын ұмытпайық.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.