Мемлекеттік тілді жүргізу саясаты

228

Тіл саясаты – тіл тағдырын белгілейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. «Тіл саясаты» ұғымы алғашында «ұлттық саясат» «шаруашылық саясат» терминдерімен қатар пайда болып, өзінің мазмұны жағынан партиялық және мемлекеттік саясатжтың ұлт мәселесіндегі тілге қатысты жағын білдірген. Ал, кейінірек бұл терминнің мазмұны кеңейтіліп, әлеуметтік сөйлеу дәстүрін саналы бағытта басқару деп түсіндірілді. Басқаша айтқанда, тілдік даму процесін және оны басқарудың стихиялығына жол бермеуді көздеген саясат болды. Тіл саясаты – тілдік дамуға қоғамның саналы ықпалын етуінің теориясы мен тәжірбиесі, яғни қолданыстағы тілдерді белгілі бір мақсатта және ғылыми негізде басқару және тілдік жаңа қарым –қатынас құралдарын жасау болып табылады.

Тілдің мемлекеттік саясатындағы алатын орны орасан зор. Қоғам мен тіл өзара байланыстығына ғана емес, бір –біріне тәуелді қоғамда, әсіресе көп ұлтты қоғамда өмір сүретін мемлекеттің өзіндік тіл саясаты болмаса, бір қалыпты өмір сүре алмайды, сол тіл саясаты негізінде әр тіл мемлекеттке, мемлекеттік өкіметке сан алуан факторлардың әсерінен әр түрлі көлемде қызмет етеді.

Тіл саясаты дегеніміз – мемлекеттің қоғамдағы тілдің жағдайды өзгерту немеме тұрақтандыруға бағытталған саяси, әлеуметтік, лингвистикалық іс –шаралар жүйесі.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен, мемлекеттік тілдік үрдістер мен тіл саясатының бағыт –бағадрын айқындайтын екі мемлекеттін заң, біршене арнаулы мемлекеттік бағдарлама қабылданды. 1989 жылы қыркүйек айында қабылданған алғашқы Тіл туралы Заңды Қазақ КСР –індегі мемлекеттік тіл қазақ тілі деп жарияланды. Титулды этностық тілінің мемлекеттік мәртебиесі Қазақстан Республиксының Конституциясында бекітілді. 90 – жылдардың басында тәуелсіз еліміздің құқықтық базасын қалыптастыру мен нығайту шаралары шеңберінде тіл саясатына қатысты құқықтық нормативтік келісімдер жасалды. Өзге салаларыдағыдай мұндай заң құжаттары да сол кездегі иықтаған, заңдық басылымдарын, ұстанымдары мен реттеу тетіктерін барынла қамтыған әрі нақтыланған толыққанды заң 1997 жылы дүниеге келді. Ол Қазақсанның Тіл туралы Заңы еді. 1998 жылы заңда көзделген баптарды, соның ішінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында көпшілкке белгілі тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңын орандауындағы белгілі бір белеске айналды. Соның нәтижесінде бұл бағыттағы іс –қимылды саясы кпсозділіктен нақтылыққа, жөн –жлсықсыз сыншылдықтан байыпты іскерлікке бұруға мүмкіндік туды. Соңғы жылдары қоғамда мемлекеттік тілдың қолданылу өрісі біршама кеңейе түсті. Бұл өзгеріс, әсіресе білім беру, іс қағаздарын жүргізу , көрнекті ақпарат және қалыққа қызмет көрсету салаларында анық байқалады. Қазақ тілінде компютерлік бағдарламалар жасалды. Жиі оқып үйренуге қажетті оқу құралдары мен сөздіктер жоқ деген сылтау жоққа шығарылды.  Мұны тек психологиялық қана емес, айтарлықтай саяси жеңіс деуге де болады. Сонымен қатар, тіл саясатын орындау мақсатында сот жүйесі қызметкерлері де зор үлес қосуда. Іс  қағаздарды жүргізу міндетті түрде мемлекеттік тілде жүргізіледі. 

А. Саулембекова

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.