Мемлекеттік тілді дамыту үрдісі – ұлт болашағына салынған инвестиция

88

Меркі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультациялық-кеңесші органның комиссия отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек төрағалық жасаған кезекті отырысқа комиссия мүшелері мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде мемлекеттік тіл саясатының аудан көлемінде іске асырылу динамикасы мен ұлттық бірегейліктің басты белгісі – қазақ тілінің мәртебесін одан әрі өсіру үрдісіндегі негізгі басымдықтар мен талаптар бойынша кеңінен тоқталған комиссия төрағасы Мейірхан Азатұлы бұл бағыттағы жұмыстар әр тиісті жауапты тұлғадан жанашырлық пен патриоттық ұстанымды қажет ететінін айтып өтті.

Күн тәртібіндегі «Меркі ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультациялық-кеңесші органның №2 хаттамалық тапсырмасының орындалуы» мен «Мемлекеттік тілдің қолданылуы бойынша кіріс-шығыс құжаттарының тілдік арасалмағы» туралы аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тантай Ахметжанов баяндама жасады.

Оған сүйенсек, комиссия отырысының жалпы тапсырмалары ауылдық округтердегі бүлініп, ескірген көше аншлагтарына зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсыныс беру болатын. Аталған тапсырма аясында 8 ауылдық округ өтінім берген. Қазіргі таңда Жамбыл ауылдық округінің көше сілтемелеріне 1 015 000 теңге, Ақтоған ауылдық округінің аншлагтарына 3 500 000 теңге қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Тәтті ауылдық округіндегі Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімімен аталатын көше аншлагы үй алдындағы талға ілінгені анықталған болатын, қазіргі таңда ол тиісті орынға ілініп, тапсырма орындалды.

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің №38 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесе апта сайын көрнекі ақпарат құралдарына зерделеу жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың 15-16 шілдесі күндері өткізілген зерделеу бойынша Меркі ауылдық округінде 8 кемшілік анықталған. Оның 6-уы түзетіліп, 2 көрнекі ақпаратқа тапсырыс берілген. Жамбыл ауылдық округі бойынша 3 кемшілік анықталып, олар реттелді. Сарымолдаев ауылдық округінде 2 кемшілік орын алғанымен, олар уақтылы жөнделді.
Ағымдағы жылдың шілде айының 1-31 күндері аралығында аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультациялық-кеңесші органның комиссия отырысының №2 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік тілдің қолданылуы бойынша кіріс-шығыс құжаттарының тілдік арасалмағына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу жадынамасы бойынша кіріс-шығыс құжаттарындағы тілдік арасалмағы, шығыс құжаттарының сауаттылығы және дұрыс рәсімделгендігі қамтылды.

Ауылдық округтер тарапынан кіріс-шығыс хаттары дұрыс рәсімделген және мемлекеттік тілде жазылған. Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің хаттары да мемлекеттік тілде дұрыс рәсімделген.

Бүгінгі таңда ауданымызда 7 айдың қорытындысы бойынша кіріс құжаттары 6219-ды, ал, шығыс 5947-ні құрайды.

Меркі ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультациялық-кеңесші органның комис­сия отырысының хаттамасы бойынша аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне ауылдық округтердегі және аудан әкімдігінің тиісті бөлімдеріндегі құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін бақылауда ұстау, аудандағы тіл саясатының жүзеге асырылуы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы тоқсан сайын есеп беруді ұйымдастыруы мен комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы тапсы­рылды.
Ал, ауылдық округ әкімдеріне ауылдық округтердегі көрнекі ақпарат құралдары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» №151 және Қазақстан Республикасының 19.12.2003 жылғы «Жарнама туралы» №508 Заңдарының талаптарына сәйкес жазылуын бақылауда ұстау және комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларын тиісті деңгейде орындау тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.