Мемлекеттік тіл ұлттың рухани жаңғыруының кепілі

161

Қазақ тілі Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тілі. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз болғандықтан халықтардың достығын, ара қатынасын, түсінігін қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Онда адамгершілік, моральдік рухани құндылықтар көрінеді. Қандай ел, ұлт болмасын, оның тілі, жазуы дамымаса, ол мемлекетік ретінде де алға шыға алмайды. Еліміздің рухани жаңғыруы мен бірлігін сақтаудың аса маңызды факторларының бірі- мемлекетттік тіліміздің жоғары деңгейде болуы болып табылады.

Тіл- халықтығының асыл белгісі, ұлттың жаны, намысы, Ата Заңымен қорғалатын еркіндігінің үні.

Қазіргі таңда Қазақстан қуатты да табысты мемлекет болғандықтан мемлекеттік тілдің биік тұғырға көтерілуі маңызды. Себебі қазақ тілі — қоғамдағы ұлттық сананың орнын белгілейді, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын көтереді. Тіл – адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында, саясат пен мәдени салада, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста бірлесіп жұмыс істеугемүмкіндік беретін негізгі құрал болып табылады. Ана тілі арқылы ұлттық руханиятымызды, мәдени мұраларымызды, материалдық құндылықтарымызды келешек ұрпаққа жеткізу – қазіргі қоғамның басты міндеті.

Әр халықтың тілі жалпыадамзаттық құндылық. Қазақ тілін білу – бүкіл біздің көпұлтты халқымызды біріктіруші факторы болып табылады.

Бүгінгі таңда еліміздегі қазақ тілі ұлттарды біріктіріп, ұйымдастыруға атсалысып, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты байланыстыратын тәрбие құралы, тірек болып табылады. Қазір мемлекеттік тіл елімізде өмірдің барлық салаларында белсенді қолданылуда. Әркімоны оқуы, білуі, үйренуі керек- себебі бұл қазіргі уақыттың талабы, яғни заман талабы.

Барлық тілдерді құрметтеу, олардың үйлесімді және тең дамуы – Қазақстандағы барлық тұрғындардың, түрлі ұлттардың рухани өсуі мен бірлігінің кепілі.

Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі ұстанымын нығайту еліміздің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың алғашқы шараларының бірі ретінде – әр өңірде қазақ тілін оқыту орталықтарының құрылуы болып табылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілге қатысты біздің мақсатымыз- ұлтаралық келісім мен халық бірлігі саласындағы қол жеткен нәтижелерді сақтау және нығайту. Себебі мемлекеттік тіл- халықтар достығының көпірі.

Рухани жаңғыру – бұл мәдениетімізді жаңғырту, ұлттық сананы ояту.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу — азаматтың бәсекеге қабілеттілігінің басты маңызды параметрі. Қазақ тілін білу арқылы патриотизм, рухани мұраға, мәдениетке, дәстүрге деген құрмет қалыптасады.

Мемлекеттік тіл-тәуелсіздіктің негізгі тірегі, айғағы, мемлекетіміздің негізі. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деп ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тіліміз болмаса ұлтымызда болмайды. Еліміздің болашағы қазақ тілінде! Қазақ тілі-мемлекетіміздің байлығы.Сондықтан қазақ тілін дамыту біздің еліміздің әрбір азаматының қасиетті парызы болуы тиіс.

​ Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әкімшісінің жетекші маманы​​​​​А.Русланова

Leave A Reply

Your email address will not be published.