МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ЖҰМЫС УАҚЫТЫ РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

62
 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілген болатын.
⏳ Осыған орай, Департамент тарапынан жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
⏳ Мәселен, ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығында бірқатар жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде мониторинг жұмыстарды жүргізілді.
⏳ Аталып өткен шаралар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оның ішінде олардың әлеуметтік кепілдіктерінің бұзылуының алдын-алуға бағытталған.
⏳ Айта кетерлігі, мемлекеттік қызмет және еңбек заңнамаларының талаптарына сәйкес, жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндердегі жұмысқа тартылған жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе өтемақы төленеді.
⏳ Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.