Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға ескерту жасады

82

Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға ескерту жасады
 istockphoto.com

Мемлекеттік күзет қызметі 3-4 шілдеде елордада өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтарға үндеу жолдады.

ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, 28 маусымнан қаланың кейбір көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі, — делінген мемлекеттік күзеттің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ 2-4 шілдеде «Есіл», «Нұра» және «Алматы» аудандарында осындай шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарау сұралады.

https://turkystan.kz/article/245184-memlekettik-kuzet-kyzmeti-astanalyktarga-eskertu-zhasady

Leave A Reply

Your email address will not be published.