Мемлекеттік қызметтің маңызды мәселелері талқыланды

37
Қала әкімдігінде мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі модельдері мен басымдықтары, әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бойынша кеңес өтті.
Жиынға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Копдикбаев, әкімдікке қарасты бөлімдердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.
✅ Кеңес барысында шаһар басшысы мемлекеттік қызметтің ел дамуындағы маңызына кеңінен тоқталды.
Келесі кезекте аталған департамент басшысы Болат Исаханұлы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Елдос Бекпатшаев Әдеп кодексінің ережелерін сақтау, мемлекеттік қызметшілердің этикасы, меритократия қағидатының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.
✅ Сонымен қатар сала ардагері Рахматілда Рахманбердиев жас мемлекеттік қызметшілерге ізгі тілегін білдіріп, бұл саланың жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.
Жиынды қорытындылаған Бақытжан Әмірбекұлы жауапты тұлғаларға мемлекеттік қызметішерге қойылатын талаптардың мүлтіксіз сақталып, күнделікті қызмет барысында қатаң басшылыққа алынуы қажеттігін ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.